Бір сағаттың ішінде 120 мм жауын түсті. Осыған байланысты метеорологтар елді мекенді су басу және лай көшкіні қаупі туралы ескертті. Жауын мен су деңгейінің жоғарылау қаупі Комаки қаласына да төніп тұр, деп мәлімдеді РБК.
13 шілде күні Айти префектурасында су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 29 адамға жетті. Тағы 20 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.