«NHK» арнасы хабарлағандай, тоннельде өрт жексенбі таңғы 5-терде шыққан. Жалынның шығуына себеп қысқа тұйықталу болуы мүмкін.
Өрт 7 сағаттан бері сөндіріліп жатыр, салдарынан 81 пойыз бағыты кейінге қалдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Тоннель Хоккайдо аралындағы ең негізгі темір жол желілерінің бірінде орналасқан. «JR Hakodate» желілері ірі Саппоро, Асахикава және Хакодатэ қалаларын біріктіреді.