Телеарнаның хабарлауынша, оқиға жексенбіден дүйсенбіге қараған түні болған.
Боинг 747 Наритадан Аляскадағы Американың Анкоридж қаласына бет алған. Ұшқаннан кейін шамамен 20 минут өткенде 6700 м биіктікте ұшақты найзағай соққан. Ұшқыштар кері қайтуға шешім қабылдаған.
Оқиға салдарынан экипаждың бес мүшесінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта мехаиктер ұшақтың зақымдалған бөлігін тексеруде.