Rurikoin қабірстанының ғимараты көпқабатты көлік тұрағына ұқсайды. Онда марқұмның күлі салынған құмыралар сөрелерге қойылған. Оны салуға Toyota корпорацияның өзі атсалысыпты. Бірақ технологиясы құпия әрі қабірстанның ішін суретке түсіруге тыйым салынған. Rurikoin іші кәдімгі кітапхана жұмысын қайталайды. Оған келушінің әрқайсысының жеке рұқсат картасы болады, сол арқылы ол өзінің марқұм туыстарының күлі салынған құмыраны көре алады.
Ruriden колумбариі (өртелген адамның күлі салынған урналар қоймасы) Токиода орналасқан. Бұл жерде аталған технологияны қолданады. Шағын ғимараттың ішінде 2 046 әйнектен жасалған Будданың мүсіншесі бар. Олар бірыңғай көк түсті жарықпен әрленген. Оның әрқайсысы белгілі бір адамға бекітілген. Марқұмның туысы колумбарийге келіп, карточкасы көмегімен рұқсат алған соң қажетті құмыраға басқаларынан өзгеше түсті жарық беріледі.
Ruriden қабірстанында бір орынның жылдық ақысы шамамен 80 доллар, бұл Токио шетіндегі зираттардағы орыннан екі есеге арзан. Ruriden-де адамның күлі 33 жыл сақталады, одан кейін оны жерге көмеді.
Еске сала кетсек, жапон қоғамы қартайып кеткен, тұрғындардың төрттен бірі 65 жастан үлкен адамдар. Өлгендердің қабірін күтіп ұстау қымбатқа түскеннің өзінде де оның іздеушісі жоқ. Ruriden мен Rurikoin қабірстаны осы мәселенің толық шешімі емес.
Қазір Rurikoin жобасына Гонконг, Сингапур және Қытай қызығушылық танытып отыр. Алайда Rurikoin жобасын әзірлеушілер өздерінің айрықша заманауи қабірстанын басқалардың көшіруіне қарсы, әрі өз технологисын құпия ұстауда.