Жарылыс жұма күні кешке орын алған, деп хабарлайды NHK телеарнасы.
Полицияның мәліметтеріне қарағанда, өңделген машина майы құйылған цистерна жарылған. Жарылыс салдарынан өрт шыққан. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде, бірақ, жалынды ауыздықтау әзірше мүмкін болмай отыр. Зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр.
Телеарна кәсіпорын жанындағы ғимараттардың әйнектері сынғанын хабарлауда. Кәсіпорынның өзіне елеулі шығын келген, жарым-жартылай қабырғалар бүлінген.