Жапонияда зергерлік дүкен платина мен алмаздардан жасалған шыршаны $800 мыңға сатпақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониядағы зергерлік дүкендердің бірі ақ алтын мен гауһар тастардан жасалған шыршаны сатпақ. Оның құны $800 мың, деп хабарлады Би-би-би.

Инсталляцияның басты тақырыбы - Walt Disney мультфильмінде көрсетілген Золушка оқиғасы. Барлық композициялардың орталығында салмағы үш карат гауһар тастан жасалған туфелька орналасқан. Шырша тапсырыс бойынша да жасалуы мүмкін.