Suzuki e Sky моделін әзірлеу кезінде шағын автокөліктер шығарудағы көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, тар кеңістікте көлікті басқаруға қолайлылыққа, сондай-ақ жүргізуші мен жолаушылардың жайлылығына ерекше мән берген.
Автокөлік өндірушісі көліктің салмағын азайтуға және энергия тиімділігін арттыруға да басымдық берген. Көлік бір қуатпен 310 шақырымға дейін жүре алады. Бұл шағын электромобильдер сегментіндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Suzuki айына шамамен бір мың e Sky көлігін сатуды жоспарлап отыр. Компания бұл көрсеткішке бензин қозғалтқышы бар көлік иелерін де жаңа модельге тарту арқылы қол жеткізуді көздейді.
Айта кетейік, Қырғызстан электромобиль өндірісін бастады.