Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Жапонияның Кюсю аралының оңтүстігіндегі Кагосима префектурасында орналасқан Сакурадзима жанартауы атқылады.
Атқылау кезінде жанартау күлінің бағаны кратерден шамамен бір шақырым биіктікке көтерілген.
Жанартау Кагосима қаласынан шамамен сегіз шақырым жерде, Кинко шығанағының қарама-қарсы жағалауында орналасқан.
Жапонияның жанартау күлі жөніндегі консультативтік орталығы да 2026 жылғы 21 қарашада Сакурадзимада жарылыспен қатар жүретін атқылау болғанын тіркеді.
Еске салайық, бұған дейін Индонезияның Сиау аралының тұрғындарына Карангетанг жанартауының кезекті атқылауынан кейін жанартаулық сел жүру қаупі туралы ескерту жасалған еді. Ол кезде атқылаудан көтерілген күл бағаны шамамен бір шақырым биіктікке жетіп, жанартаудың беткейлерімен қызған лава ағындары мың метрге дейін тараған.