Жергілікті басқарушы билік жанартау маңына 4 шақырым қашықтыққа дейін жақындауға қатаң тиым салды. Елдің Үкімет басшысы Синдзо Абэ ондағы 150 альпинисті құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Олар сол Онтакэ беткейіндегі шатқалдарда бой тасалауға мәжбүр болып отыр. Кисо префектурасының ауруханалары жараланғандарға шұғыл жедел жәрдем көрсетуге дайын. «Мен жанартаудың атқылауы басталғанда-ақ түсуге асықтым. Көп ұзамай айналаны күл басып қалды», - дейді құтқарылған спортшылардың бірі. Онтакэ тауының биіктігі 3067 метр. Жанартаудың оянуы осыдан 7 жыл бұрын болған.
08:12, 28 Қыркүйек 2014
Жапонияда жанартау атқылаған Онтакэ тауынан 30 шақты альпинист құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Онтакэ жанартауы оянғанға дейін шұңқыр беткейінде жүрген альпинистердің 30 шақтысы құлап, жараланды, қаза тапқандары да болуы мүмкін, деп хабарлады ВВС NHK Жапон телеарнасына сілтеме жасай отырып.