Естеріңізге сала кетейік, 29 мамырда Хонсю аралының батыс жағалауында мұнай танкерінде екі жойқын жарылыс болып, оның соңы алапат өртке ұласқан болатын. Артынша кеме суға кетті. Құтқарушылар 7 адамды аман алып қалған. Күншығыс елінің теңіздегі қауіпсіздік қызметі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Апатқа тазарту жұмыстары кезінде цистерна ішінде жиналып қалған газдың тұтануы себеп болуы мүмкін.
19:17, 01 Маусым 2014
Жапонияда жарылған танкер капитанының денесі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда жарылып, артынша суға кеткен мұнай танкері капитанының із-түзсіз жоғалып кеткен денесі табылды. Жарылыс кезінде ол мұнай мен мазут тасымалдайтын цистерналарды тазалап жатқан, деп жазады 24.kz.