Жапонияда жасы 100-ден асқан тұрғындардың рекордтық саны тіркелді

АСТАНА.  Қыркүйектің  11-і. ҚазАқпарат -  Жапонияда   жасы 100-ден асқан    тұрғындардың  рекордтық саны тіркелді,  бұл көрсеткіш - 40,5 мыңдай адамды  құрап  отыр.

 Олардың басым  көпшілігі - әйелдер.      Бұл туралы Жапонияның Денсаулық сақтау,  еңбек  және  әл-ауқат министрлігінің  бүгін  таратқан    баяндамасында    айтылып отыр,  деп   хабарлайды РАТА-ТАСС  агенттігі.

 Жапонияда жасы 100-ден  асқан     тұрғындардың саны осымен  39 жыл қатарынан     өсіп  отыр.  Ғасыр жасағандар   негізінен       елдің  оңтүстіктегі  және  экономикалық  тұрғыдан  аз дамыған  Окинава  префектурасында     тұрады.   Бұл  өңір  тұрғындарының     сергектігімен  және  жайма-жуық   тіршіліктерімен      аты шыққан.