Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасы Жапон теңізі жағалауына цунамидің қаупі төніп келе жатқандығы жөнінде шұғыл хабарлады. Бірақ арада бірнеше минут өткеннен кейін бұл ескертулерін қайтып алды.
Жер сілкінісінің кіндігі Гифу префектурасының аумағында, ал ошағы жер бетіне жақын орналасқан. Жер асты дүмпуін көршілес Нагано және Тояма префектураларының тұрғындары да сезінді.