Жапонияда жер сілкінісі болды

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Жапонияда 6,0 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ-тың геологиялық қызметіне сілтеме жасаған Утро.ру хабарлайды.

Жерасты дүмпулері 13 шақырым тереңдікте анықталды, жер сілкінісінің кіндігі Иваки қаласынан шығысқа қарай 38 шақырым жерде Хонсю аралында және ел астанасы Токио қаласына 204 шақырым жерде орналасқан. Қаза тапқандар мен бұзылулар туралы ақпарат әзірше келіп түскен жоқ.