Жапонияда жер сілкінісі көлік қозғалысын бұзды

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Жапонияда сәрсенбі күні орын алған күші 7,2 балдық күшті жер сілкінісінен ешкім де зардап шеккен жоқ.

Ғимараттар мен инфрақұрылымдардың бүліну оқиғасы да тіркелген жоқ. Табиғаттың тосын мінезінің негізгі күшіне төтеп берген атом стансасының да жұмысына еш кесір келген жоқ, деп хабарлайды Жапонияның төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасаған Лента.ру.

Дегенмен, жер сілкінісі көлік қызметінің жұмысына көптеген кедергілер келтіруде. Атап айтқанда, "Джей Ар" теміржол компаниясы "Синкансэн" жүрдек пойыздарының қозғалыстарын тоқтатуға мәжбүр болып отыр, - деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Жапонияның метеорологиялық қызметтерінің мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің кіндігі Тынық мұхитында, Жапонияның Хонсю аралының солтүстік-батысына қарай орналасқан, теңіз тұңғиығында 10 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпулері Жапонияның 47 префектурасының 23-інің аумағында айқын сезіліп, Токиода анық байқалған.