Жапонияда жетінші қабаттан құлап кеткен екі жасар бала аман қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Токиодағы тұрғын үй ғимаратының жетінші қабатынан құлап кеткен екі жасар бала аман қалды. Бұл туралы ТЖМ қызметін атқаратын қалалық өрт сөндіру басқармасы хабарлады.

Олар баланың ешқандай ауыр жарақат алмағанын, өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтуда. Қазір полиция мәселенің мән-жайын анықтауда.