U-125 ұшағы радарлар назарынан 6 сәуір күні Кагосима префектурасындағы Коноя базасынан солтүстікке қарай шамамен 10 шақырым жерде жоғалды. Іздеу жұмыстары жұма күні жалғастырылады.
20:08, 07 Сәуір 2016
Жапонияда жоғалған ұшақ сынықтарының қасынан төрт адамның мүрдесі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Қорғаныс министрлігі Кагосима префектурасының тауларында табылған U-125 патрульдік ұшағының бортында болған алты адамның төртеуінің жансыз денесі табылғанын растады, деп хабарлайды Киодо агенттігіне сілтеме жасаған РИА Новости.