Жапонияда жол апатына түскен автобус екіге қақ бөлінді, 38 адам зардап шекті

АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Жапонияда болған ірі жол-көлік апатының салдарынан

7 адам қаза тауып, 38-ден астамы жарақат алды, деп хабарлады Утро.ру.

Жолаушылар автобусы Токио қаласынан солтүстікке қарай Гунма ауданында жол бойындағы қабырғаға соғылды. Қабырғаның болат панельдері автобусты екіге қақ айырған. Алдын ала болжам бойынша, жолаушылардың барлығы жапондықтар болды. Қаза тапқандар арасында алты әйел бар. Полиция оқиғаның мән-жайын тергеумен айналысуда.