"Тобудзе" темір жол желісі бойынша екі жаққа да қозғалыс уақытша тоқтатылды. Қазіргі сәтте он вагонның бесеуі не себептен рельстен шығып кеткені жайлы ақпарат таратылмады. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Барлық жолаушылар сәтті эвакуацияланды.
12:02, 18 Мамыр 2016
Жапонияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбіде Жапония астанасының Итабаси ауданында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Жергілікті құқық қорғау органдары хабарлағандай, жолаушылардың ешбірі зардап шеккен жоқ.