Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды, цунами қаупі бар

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Жапонияның солтүстік-шығысында 6,8 баллдық жер сілкінісі болды, ел билігі цунами қаупі болуы мүмкін деп ескерту жасады.

Reuters-ке сілтеме жасай отырып, РБК агенттігінің хабарлағанындай, алдын ала болжам бойынша цунами Мияги және Фукусима префектураларының жағалауында болады. Ал апатты "Фукусима-1" стансасының операторы TEPCO жер сілкінісі салдарынан радиацияның ағуы тіркелмегенін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың 11 наурызы күні Жапонияда 9,0 баллдық жер сілкінісі болған еді. Одан кейін ел жағалауын цунами шайып кеткен. Табиғат апаты кем дегенде 23 мың адамның өмірін қиған және із-түзсіз кеткен.