Жапонияда жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Канъондзи (Кагава префектурасы) қаласында шіркеулік мерекеге қатысқан адамдарды жүк көлігі қағып кетті. Салдарынан бір адам қаза тауып, отыздан астамы түрлі жарақат алды, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл туралы префектура полициясынан хабарлады. Жапа шеккендердің барлығы жарақаттанды. Ең кемі бес адамның жағдайы ауыр екені хабарланды.  Жүк көлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасы орнында ұсталды. Ол  Гумма префектурасынан Эхиме (шамамен 800 км жол) префектурасына бара жатқан.