деп хабарлады бүгін ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов.
«Қазіргі таңда қазақстандықтарды жаппай елден әкетудің қажеттілігі жоқ. Жер сілкінісі, менің ойымша тоқтады, онда қазір апаттан кейінгі іс-шаралар жүргізілуде: зардап шеккендер мен құрбан болғандар анықталуда. Егер өтініштер жасалып жатса, әрине олар қаралады, бірақ жеке өтініштер. Жаппай үдере қайту туралы сөз болып отырған жоқ», - дейді А.Әбдрахманов.
Ресми өкіл сондай-ақ, зардап шеккен қазақстандықтар туралы әзірге ешқандай мәліметтің түспегенін жеткізді.
Жұма күні ел тарихындағы ең қуатты зілзала болған Жапонияның аумағында қазіргі таңда 95 қазақстандық жүр. 8,9 балдық жер сілкінісі үлкен цунамиге де себеп болғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Құрбан болғандар туралы деректер әртүрлі. Бұған дейін жапондық басылымдар 95 адамның мерт болғанын хабарласа, жұма күні кешке, Жапонияның солтүстік-шығысындағы Сендай қаласының жағалауында 200-ден 300-ге дейін қаза тапқандардың денесі табылғаны туралы ақпарат түскен.