Бастапқы кезеңде электр пойызында машинист болады. Содан кейін оны біртіндеп толық автоматтық режимге ауыстыру көзделген. Электр пойызының ұзақтығы шамамен 13 шақырым, күніне 12 рейс жасайды.
Кyodo агенттігінің атап өтуінше, жүргізушісіз басқарылатын электр пойыздарын енгізу біріншіден машинисттердің жетіспеушілігіне байланысты болып отыр. Уақыт өте келе осындай электр пойыздарын бүкіл Жапонияда пайдалану көзделген.