Жапониядағы атом электр станциясындағы судың деңгейі нормадан асып кетті

Жапонияның батысындағы Исикава префектурасындағы атом электр станцияларының бірінде күшті жер сілкінісі болғаннан кейін су деңгейі нормадан асып кетті. Kazinform бұл туралы uza.uz-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: uza.uz

NHK медиа ұйымының хабарлауынша, жер сілкінісінен кейін «Hokuriku Electric Company» атом электр станцияларындағы су деңгейін жүйелі түрде тексере бастады. Зерттеулер станциядағы су деңгейінің 3 метрге көтерілгенін көрсеткен. 

Сонымен қатар реакторларды сыртқы электр қуатымен қамтамасыз ететін трансформатор құбырларына да зақым келген. Бұл жағдай сондай-ақ мұнайдың ағып кетуіне себеп болған. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.