Жапониядағы Ролан Гарростың іріктеу турниріне елімізден үш жас теннисші жолдама алды

Фото: ҚТФ

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қаласында жасөспірімдер арасында Ролан Гарростың Батыс және Орталық Азия бойынша іріктеу турнирі аяқталды. 

Қыздар арасында финалда қазақстандықтар Әдия Омарбек пен Еркежан Жаңатаева кездесті. Әдия Еркежанды 6:2, 6:4 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.

Ұлдар арасында қазақстандық Мансұр Сайынов өзбекстандық Акмаль Абуллаевты камбэкпен тізе бүктірді - 5:7, 6:1, 6:4.

Осылайша, аталған төрт теннисші 13-19 қазанда Жапонияда өтетін соңғы іріктеу жарысына қатысуға мүмкіндік алды. Онда 2026 жылы жасөспірімдер арасында өтетін Франция ашық чемпионатына бір жолдама беріледі.

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев жас спортшылардың шеберлігін арттыруда мұндай додаларды елімізде өткізудің маңыздылығын атап өтті.

- Алматыда Ролан Гарростың іріктеу турнирі осымен екінші рет ұйымдастырылды. Бұл Қазақстан теннис мектебінің жас түлектеріне өз жерімізде мықты қарсыластармен бәсекеге түсіп, шыңдалуына мүмкіндік береді. Кейінгі жылдары жастарымыз халықаралық жарыстарда көптеген табысқа қол жеткізді. Олардың бұдан былай да сәтті өнер көрсетіп, еліміздің атын шығара беретініне сенімдімін, - деді Дияс Досқараев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Германиядағы турнирдің финалында сүрінгенін жазған болатынбыз.