Чемпионат аясында 20-24 наурыз аралығында SAITAMA SUPER ARENA ғимаратының 212-213 секторларында Денис Тенді еске алуға арналған фотокөрме өтеді.
«Көрмеге Денис Тен қатысқан барлық байрақты бәсекелердің суреті қойылады. Сонымен қатар, Денис Тен өзі негізін қалаған мұз шоуының сәттері, жұлдыздардың портреттері қойылады», - деп жазылған Денис Тен қорының Instagram парақшасында. Көрмені Денис Тен қоры ұйымдастырып отыр.