Жапон метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, қардың қалыңдығы 1 метрге жетіп, жылдағыдан 5-6 есе артық артық жауған. Мамандар жергілікті тұрғындарға көшеге шықпау жөнінде кеңес береді.
Фукуи префектурасының полициясы қардың астында қалған көліктен ер адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді. Қар тазалаймыз деп шатырдан құлап жараланғандардың саны 12 адамға жеткен.
Қар құрсауында қалған автомобильдерге әскерилер мен арнайы техника көмек көрсетуде. Жолдардағы көлік кептелісі ондаған шақырымға созылған.
Әужайларда 52 рейс тоқтатылып, Канадзава - Тояма бағытындағы суперэкспресс желісіне шектеу қойылды.