Жапониядағы сайлауда оппозиция жеңіске жақын
11:25, 25 Сәуір 2011
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Жапониядағы сайлауда оппозиция жеңіске жақын. Елдің сайлау комиссиясынан мәлім еткендей, билік басындағы Демократиялық партия жергілікті басқару органдарына өтіп жатқан сайлауда аз дауыс алуда,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Дерек көздердің нақтылауынша, мэр лауазымынан үміткерлердің ішінде Либералдық-демократиялық партияның кандидаттары халықтың көбірек сеніміне ие болуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, олар 10 округтің 5-еуінде жеңіске жетсе, демократтардың өкілдері - тек үш округте көп дауыс алып отыр, деп хабарлайды Kyodo ақпарат агенттігі.
Қоғамдық сауалнамалардың қорытындысы көрсетіп отырғандай, зілзала мен цунамиден кейін елді қалпына келтіру жөніндегі үкіметтің іс-қимылына жапондықтар разы емес.