Жапониядағы табиғат апаты құрбандарының саны 11 200 адамнан асты

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - 11 наурыз күні Жапонияда болған жойқын жер сілкінісі мен одан кейінгі цунами құрбандарының саны 11 200 адамнан асты.

Бұл туралы жергілікті полиция ақпаратына сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі хабарлады.

Соңғы ақпараттарға сүйенсек, 11 232 адам опат болған. Бұрын 11 мың адам көз жұмды, деп хабарланған еді.

Ал із-түзсіз жоғалғандардың саны біраз азайған, қазір 16 361 адам хабарсыз кеткендердің қатарында. Осылайша, табиғат апатынан қаза тапқандар мен жоғалғандардың ұзын саны 28 мың адамға жақындап отыр.