деп хабарлайды Bak 7kz порталы.
Хоккайдо префектурасында жұмыс істеп тұрған "Томарин" атом электр стансасының соңғы - үшінші реакторы профилактикалық мақсатта сөндіріліп жатыр.
Ел үкіметі барлық атом реакторларының жер сілкінісі мен цунамиге төзімділігін байқау үшін қосымша тексеру бастаған еді. Бағдарлама "Фукусима-Дайичи" АЭС-індегі апаттан кейін қабылданды.
Бүгін Токиода АЭС-тен біржолата бас тартуды талап еткен мыңдаған адам шеру өткізді.
Жапониядағы тоқтатылған атом реакторлары жергілікті тұрғындар рұқсат етсе ғана қайтадан іске қосылады.