Бұл туралы елдің Үкімет басшысы Наото Кан мәлім етті, - деп хабарлады Утро.ру агенттігі.
Енді бұл атау барлық үкіметтік құжаттарда пайдаланатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, 11 наурыз күні Жапонияның солтүстік-шығысында 9 баллдық жер сілкінісі болған. Табиғат апатының артынан биіктігі он метрден асатын цунами орын алған еді. Жергілікті полицияның ең соңғы мәліметтері бойынша, қаза тапқандар мен хабарсыз кеткен адамдардың саны 28 мыңға жақындап келеді.