Жапонияға «Кроса» тайфуны жақындап қалды

Фото: None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Шығыс Жапонияның жағалауына жойқын «Кроса» тайфуны жақындап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елдің метеорологиялық агенттігіне сілтеме жасап.

KyodoNews мәліметінше, бейсенбі күні жоғары жылдамдықтағы жолаушылар экспресініңқозғалысына түгелдей шектеу қойылатын болады.

Тынықмұхитының оныншы тайфуны бүгін Жапонияның Танэгасима аралынан 500 шақырым жердеболған. Сәрсенбі және бейсенбі күні тайфун батыс өңірлерге жетеді деп күтілуде.

Жапонияныңметеорологиялық агенттігі тайфунның салдарынан нөсер жаңбыр жауатындықтан батысжәне шығыс аудандардағы өзендерде лай көшкіндерінің, су тасқынының болуы, судеңгейінің көтерілуі мүмкін екенін ескертеді.

Тайфунныңорталығындағы атмосфералық қысым бүгін түскі уақытта 965 гПа-ға, желдіңжылдамдығы секундына 162 шақырымға жетті.

Сәрсенбіге қарай Жапонияныңорталығындағы Токаи аумағында - 300 мм дейін, шығыс Кинки ауданында 200 ммдейін жауын-шашын күтіледі.

Жанна Нұрмағанбетова


Соңғы жаңалықтар