Билік Окинава мен елдің батыс және шығыс жағалауларында орналасқан префектура тұрғындарын қауіпті жағдай жөнінде ескертті, деп хабарлайды «Око Планеты».
Кеше ұлттық метеорологиялық басқармасынан хабарлағандай, алдағы күндері Жапонияның оңтүстік аралдарында жойқын жел тұрып, биіктігі он метрге жететін толқындар жағалаудың бетін шайып өтпек.
"Синоптиктердің болжауынша, бұл маусымдағы осымен тоғызыншы тайфун «өте күшті» болмақ. Эпицентрдегі жел жылдамдығы секундына 45 метрге дейін жетеді. Қазір ол Минамидайтодзима аралының оңтүстік-шығысынан 190 шақырым жерде", - деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Жергілікті билік қауіпті жағдай жөнінде ескертіп отыр.