Дүбірлі додада Хифуми Абэ (66 келі) финалда испаниялық Давид Гарсия Торнені иппон әдісімен қапы қалдырса, Ута Абэ (52 келі) тағы бір испаниялық балуан Ариану Торо Солердің осал тұсын тапты.
Осылайша ағалы-қарындасты спортшылар өз мансабында бесінші және алтыншы мәрте әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Нәтижесінде олар әлем чемпионатында бес және одан көп мәрте алтын медаль алғандар қатарында тағы бір сатыға жоғарылады.
Хифуми Абэ 1997 жылы 9 тамызда дүниеге келген. Қазірге дейін ол 2017, 2018, 2022, 2023, 2026 жылдары бес мәрте жеңіс тұғырынан көрініп отыр.
Ал 2000 жылдың 14 шілдесінде дүниеге келген Ута алтыншы мәрте чемпиондық атаққа қол жеткізді. Даңқты спортшы мұндай биіктікті 2018, 2019, 2022, 2023, 2025, 2026 жылдары бағындыруға мүмкіндік алды.
Айта кетсек, дзюдодан әлем чемпионатында бес және одан көп мәрте жеңіс тұғырынан көрінген алты балуан бар.
Рекордқа жеткен спортшылар
Реко Тани (Тамура), Жапония — 7 алтын (1991-2007)
Тун Вэнь, Қытай — 7 алтын (2001-2011)
Ингрид Бергманс, Бельгия — 6 алтын (1980-1989)
Кларисс Агбеньену, Франция — 6 алтын (2013-2024).
Енді олардың қатарына Хифуми мен Ута Абэ қосылды.
Айта кетсек, дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан атынан 15 балуан барды. Әзірге олардың арасынан Шерзод Давлатов (60 келі) күміс жүлдегер атанды.