Жапониялық автоөндірушілер жанар-жағармай шығыны туралы мәліметтерді жариялауға міндеттелмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония үкіметі автоөндірушілерді модельдерінің жанар-жағармай шығыны туралы мәліметтерді олардың брошюралары мен техникалық құжаттарына жазуға міндеттеу мәселесін қарастырып жатыр.

Киодо ақпараттық агенттігі хабарлағандай, бұл шара Mitsubishi Motors компаниясына қатысты туындаған «жанар-жағармай дауы» аясында қабылдануы мүмкін, деп жазды ТАСС.

Қазір Жапониядағы өндірушілер жанар-жағармайдың орташа шығынын ғана көрсетуге міндетті. Алайда 2018 жылы жаңа ереже күшке енуі мүмкін. Оған сәйкес құжатта қалалық, қала маңындағы және алыс жолдағы трассалардағы жанар-жағармай шығыны жеке-жеке көрсетілуі шарт.

«Нақты шығынмен ерекшелік аз болады деп үміттенеміз», - деген ведомство өкілінің сөзін келтіреді агенттік.

Осыған дейін Mitsubishi Motors компаниясына қатысты «жанар-жағармай дауы» туындаған. Оның басшылығы корпорация жанар-жағармай шығынын кемітіп көрсету үшін көліктерін ережеден тыс сынақтан өткізген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл көрсеткіш 5-10% төмендетілген.