Ол тірі адамға қатты ұқсайды. Сөйлей алады, ым-ишара, қимыл әрекеттердің барлығын меңгерген. Сырттан қарағанда бойы 160 см, жасы 25-26-лардағы қарапайым жапондық қыз секілді. Минами сатып алушыларға әрбір жейде туралы ақпарат беріп қана қоймай, өзі кейбір тауар түрлерін ұсына алады.
04:08, 04 Қараша 2013
Жапониялық дүкенде алғашқы робот-саудагер жұмысқа кірісті
АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Жапонияның Осака қаласында Минами есімді андроид-қыз әмбебап дүкендегі әйелдер киімін сатушы ретінде жұмысқа кірісті, деп хабарлайды segodnya.ua.