Жапониялық ғалымдар ұшатын робот-құрқылтайды жасап шығарды
19:36, 30 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат - Жапонияда ғалымдар ұшатын робот-құрқылтайды жасап шығарды, олардың көлемі табиғи құстың мөлшерімен бірдей және нағыз құрқылтайдың іс-қимыл жасағанындай ауада қанат қағып, ұша алады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.руға сілтеме жасап.
Техникалық көзқарас тұрғысынан робот секундына 30 рет қанат қағу жылдамдығымен робот-құрқылтайға қанат қағуға мүмкіндік беретін шағын мотормен жарақталған.
Жаңалықты әзірлеушілердің бірі Хироши Лиудің айтуынша, робот инфрақызыл сенсорлар көмегімен бақыланады және осының есебінен кеңістікте бағдарланады.