Оның үстіне, тауар өндіру үшін қосалқы бөлшектерді табу да жылдан-жылға қиындай түсті.
Видеомагнитофондар нарықта 1970 жылдары пайда болды, кейінірек оны DVD технологиясы ығыстырып жіберді.
«Panasonic» 2012 жылы видеомагнитофон өндіруді тоқтатты, ал «Sony» өткен жылға дейін VHS-тің бәсекелесі «Betamax» кассеталарын сатып келді.
«VHS» сапасы сын көтермейді, енді оған оралу екіталай», - деді Таня Леффлер, «IHS Technology» компаниясының сарапшысы.
07:43, 22 Шілде 2016
Жапониялық компания ең соңғы видеомагнитофонды шығарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шілде айының аяғында Жапонияда VHS форматындағы соңғы видеомагнитофон шығады, деп хабарлайды Би-би-си. «Funai Electric» компаниясы 33 жылдан бері видеомагнитофон шығаруымен айналысқан. Алайда, заманында жылына 15 миллион тауар сататын компания өткен жылы тек 750 мың ғана видеомагнитофон сата алған.