Жапонияның 2011 жылы зардап шеккен аймағында алғаш рет ядролық реактор қайта іске қосылды
АСТАНА. KAZINFORM – Cейсенбіде Жапонияның солтүстік-шығысындағы аймақта ядролық реактор 2011 жылы жер сілкінісі мен цунамиден кейін зардап шеккен соң қайта іске қосылды, деп хабарлайды Kyodo News ақпарат агенттігі.
2011 жылы Исиномаки қаласы мен Онагава кенті арасында орналасқан Онагава атом электр станциясындағы барлық үш реактор жер сілкінісі мен цунамиден кейін автоматты түрде өшіп қалды.
Мияги префектурасындағы Онагава атом электр станциясы екінші блогының қайта іске қосылуы Жапонияда отын еріген Фукусима-1 атом электр станциясындағыдай қайнаған су реакторының 2011 жылдан бастап қайта пайдалануға берілген бірінші оқиға болды.
«Атом энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері – көміртексіздендіруді ілгерілету үшін электр энергиясының маңызды көздері. Қауіпсіздікке кепілдік берілген жағдайда, сондай-ақ тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету тұрғысынан біз оларды барынша пайдаланамыз», - деп мәлімдеді министрлер кабинетінің бас хатшысы Есимаса Хаяси баспасөз мәслихатында.
Tohoku Electric Power Co. басқаратын Онагава АЭС 2020 жылдың ақпан айында Фукусима апатынан кейін белгіленген қатаң стандарттар бойынша қауіпсіздік тексерісінен өтті.
Электр қуатын өндіру және беру қараша айының басында, ал коммерциялық пайдалану шамамен желтоқсанда басталады деп жоспарланып отыр.
Хаясидің атап өтуінше, билік ядролық апат болған жағдайда барлық ықтимал күтпеген жағдайларға дайындықты жалғастырады.
МАГАТЭ Жапонияның радиоактивті топырақты қайта өңдеу жоспарына баға бергенін жазған болатынбыз.