Әңгіме анау-мынау емес уақыт пен ауа райын талғамайтын қарсылас жақтың тылындағы маңызды нысандарды жоюға арналған Ту-95 екі стратегиялық бомбалаушы жайында болып тұр. Ресейдің бұл әрекетіне жауап ретінде Токио дабыл қағып, 4 жапондық тосқауылшы-ұшақтарын шығарды, делінген Жапония Сыртқы істер министрлігі хабарламасында.
Жапондық тараптың пайымдауынша, ресейлік бомбалаушылар Жапонияның бақылауындағы әуе кеңістігіне Окиношима аралының солтүстік-батыс жақ бөлігінен баса-көктеп кіріп, сол аймақта 99 секунд болған.
Жапония СІМ аталған оқиғаға қатысты Токиодағы Ресей елшілігіне нота жіберіп, шұғыл тергеу жүргізуді талап етті.