Жапонияның Хонсю аралында жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Хонсю аралы жағалауында магнитудасы 5-ке тең жер сілкінісі болды.

ТАСС агенттігі хабарлағандай, жер сілкінісінің ошағы Тынық мұхитында, Хонсю аралының жағалауынан оңтүстікке қарай 10 км тереңдікте болған.

Жер асты дүмпуін Сидзуока, Миэ және Нара префектураларының тұрғындары сезді. Цунами қаупі жоқ.