Жапонияның Хонсю аралының жағалауында қатарынан екі жер сілкінісі болды

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - 14 сәуір күні таңертең Жапонияның Хонсю аралығының жағалауында 5,7 балдық жер сілкінісі болды.

Бұл туралы АҚШ-тың Геологиялық қызметіне сілтеме жасап РБК агенттігі хабарлады.

Жерасты дүмпулері Хачиное қаласынан 174 шақырым жерде тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 20,9 шақырым тереңдікке болған.

Құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами туралы ескерту әзірге жарияланған жоқ.

Ал осының алдында ғана Иватэ префектурасындағы Мориока қаласының шығысына қарай 190 шақырым жерде 6,1 балдық жер сілкінісі болды.