Халықаралық әйелдер клубы - қоғамдық мемлекеттік емес ұйым, оған дипломатиялық қоғамдастықтың шетелдік азаматтары, бизнеспен айналысатын және өз компанияларының Беларусь Республикасындағы ресми өкілдері болып табылатын шетел азаматтары, сондай-ақ елде тіркелген шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мүше.
Клубтың негізгі мақсаты - көмекке мұқтаж аурухана, балалар үйі, интернаттар, арнайы мектептер сияқты түрлі ұйымдар мен емдеуге, оңалтуға мұқтаж жеке тұлғаларға қайырымдылық қолдау көрсету.
Алғысөз сөйлеген клубтың қайырымдылық комитетінің төрайымы Эльмира Киікова (Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшілігінің бірінші хатшысының зайыбы), шараға жиналған жұртшылықтың бәрі мұқтаждарға көмектесуге өз үлестерін қосқанын атап көрсетті.
Кеш барысында қайырымдылық лотерея ұйымдастырылды. Оған лоттарды шетелдік дипломатиялық өкілдердің өкілдері, беларустық іскер топтар, оның ішінде ірі кәсіпорындар мен жетекші банктер берді. Лотерея билеттерін сатудан түскен қаражат та мұқтаждарға аударылады.