«Біз аурудың екінші толқынының ортасында жүрміз», - деді қала басшысы.
Қалада 30 сәуір мен 22 мамыр күндері аралығында ауру жұқтырудың расталған оқиғалары болған жоқ, алайда соңғы алты күннің ішінде індет жұқтырған 43 дерек тіркелген, соның ішінде 21-і бір тәулікте орын алған.
Бірнеше күн бұрын Жапония елінің премьер-министрі Синдзо Абэ елде коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимін алып тастаған болатын.