Жапонияның Қытайдағы елшісі екі ел арасында өршіген арал дауына байланысты еліне оралды

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Жапонияның Қытай еліндегі елшісі  Уитиро Ниву Шығыс Қытай теңізіндегі Сенкаку аралына қатысты дау-дамайды талқылау мақсатында Токияға кері шақырылды.

Біраз уақыт бұрын Жапония қытайлық кемелер тобының  Сенкаку аралы маңындағы су айдынына кіргеніне қарсылық білдірген болатын. Ол кезде үш қытайлық кеме арал аймағына заңсыз кірген деген хабар тараған еді.

Қытайдың Сыртқы істер министрі  Ян Цзечи Дяоюйтай архипелагы (Сенкакудың қытайша атауы) ежелгі заманнан бері Қытайдың аумағына жатады, Қытай бұл аралдың «талассыз иесі» деп мәлім еткен.

Естеріңізге сале кетсек, Сенкаку екі елдің көп уақыттан бері бөлісе алмай жүрген аймағы болып табылады, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.