Жапонияның Қызыл Крест қоғамы қазақстандық Қызыл Жарты ай қоғамының жұмысы үшін 74 мың доллар бөліп отыр

None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Жапондық Қызыл Крест қоғамының президенті Тадатеру Коноэ қазақстандық Қызыл Жарты ай қоғамының қызметі үшін 7 миллион йен (74 мың доллар) қаржы бөлінгені туралы Қазақстанның Токиодағы Елшісін хабардар етті.
ҚазАқпарат бұл туралы сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.Хатта жазылғандай, қазақстандық тараптың Семей полигонындағы ядролық сынақтардың құрбандарына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі табысты қызметін ескере отырып, Қоғам осындай шешім қабылдап отыр. Жапония императорының зайыбы Мичико құрметті президенті болып табылатын жапондық Қызыл Крест қоғамы 1877 жылы мамырдың 1-інде құрылған, қазіргі уақытта елдің барлық өңірінде 15 миллионан астам адам осынау қоғамға мүше.