Жапонияның Nikkei корпорациясы британдық «Financial Times» газетін $1,3 млрд-қа сатып алмақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Pearson басылымы британиялық Financial Times газетін жапондық Nikkei корпорациясына 1,3 млрд. долларға сатып жатыр.

Осыған дейін Bloomberg агенттігі өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап, келісім сомасы 1,6 млрд. долларға жетуі мүмкін деп хабарлаған.

Financial Times-те 720 мың жазылушы бар, олардың 70% - электрондық жазбаға ие. Pearson табысы 2014 жылы 4,9 млрд. фунтты (7,7 млрд. доллар) құрады.

FT Group акциялары Лондон саудасында бейсенбі күні 2,2%-ға қымбаттады. Financial Times газеті әлемдегі көне қаржы басылымдарының бірі болып табылады.