Жапонияның оңтүстік-шығысында ондаған жер сілкінісі болды

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісінен кейінгі бірнеше сағат ішінде жапониялық Титидзима аралына жақын маңда қайталанып отырған 30-дан астам қатты жер сілкінісі болды,

деп хабарлайды АҚШ геологиялық қызметінің сайтына сілтеме жасаған РИА жаңалықтар агенттігі.
Соңғы жер сілкіністері 4,7 балл мен 5,4 балл аралығында болған. Олардың барлығы шамамен Титидзима аралынан 130 шақырым және Токиодан мың шақырым алыстықта болды. Жер сілкіністерінің кіндігі орташа алғанда он шақырым тереңдікте жатқан.