Жапонияның орталығында магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Жапония жағалауларында магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің кіндігі Суруга бұғазында, 20 шақырым тереңдікте орналасты.

Цунами қаупі жөнінде мәлімет жоқ, деп хабарлайды ВЕСТИ.ru.

Сейсмологиялық белсенділік бірден бірнеше қалада, оның ішінде Токиода да байқалды. Сидзуока префектурасында кем дегенде 9 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

Қирандылар туралы әзірге хабарланбады. Жергілікті биліктің хабарламасына сәйкес, атом электр стансалары штаттық режимде жұмыс істеуде.