Рёкити Кавасима Токионың солтүстігінде орналасқан Сайтама қаласы атынан парламент сайлауына қатысу үшін 3 миллион иен (35,7 мың АҚШ доллары) кепіл салған болатын. Бұл Екінші Дүниежүзілік соғыс ардагерінің жерлеуге деп сақтап келген қаражаты болса керек. Өте белсенді науқанға қарамастан, оның кандидатурасы халықтың аз дауысын жинап, сайлаудан өтпей қалды.
Кавасиманың өзі сайлаудағы сәтсіздігіне өкініш білдірмейді. «Самурай қанша аш болса да, ақшаға елітпеуі тиіс», - дейді ол. Жерлеуге қажетті қаржының жоқтығы да экс-кандидаттың көңіліне қаяу түсірмеген сыңайлы. Ол Фудзи тауындағы ну орманда көз жұмуға дайын екендігін де мәлім етіп үлгерді.
Жексенбіде, 16 желтоқсанда Жапонияда өткен сайлауда елдің бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің басқаруындағы Либералды-демократиялық партиясы жеңіске жетті. 2006 мен 2007 жылдары үкімет басында болған Абэ қатаң сыртқы саясатты қолдауда.