Жыл сайын Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралындағы Саппоро қаласында қар фестивалі өтеді. Шарада мұз бен қардан жасалған мүсіндер қойылады. 2016 жылы фестиваль 67-ші рет өткелі отыр. Ол 18 ақпанға дейін жалғасады.
Фестивальға көлемі бірнеше ондаған метрге жететін 250-ден астам мүсін көрсетіледі. Бұдан басқа, шара аясында үздік мұз мүсіні анықталады. Оған биыл Қытай, Индонезия, Сингапур, Тайланд, батыстан - Латвия, Польша, АҚШ, Литва, т.б. елдерден командалар қатысады.
09:26, 05 Ақпан 2016
Жапонияның Саппоро қаласында дәстүрлі қар фестиваліне 2 млн-ға жуық адам қатысады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның ең ірі қалаларының бірі Саппорода қар мен мұздан жасалған мүсіндердің дәстүрлі фестивалі басталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға 250 мұздан жасалған мүсіндер, 2 млн-ға жуық адамдар қатысады. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.